«СКО – оқитын аймақ» жобасы аясында Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Ғибратты ғұмыр» айдары бойынша қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Марфуға Айтқожинаның 90 жылдығына арналған библиографиялық сағат өткізілді.
📖 Іс-шара барысында оқырмандар ақынның өмірі мен шығармашылық жолымен танысып, оның қазақ поэзиясына қосқан үлесі туралы мағлұмат алды.
Марфуға Айтқожина — «Жыр аққуы» атанған сыршыл ақын. Ол 1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында дүниеге келген. Ақынның шығармаларында туған жер, махаббат, адамгершілік пен өмір тақырыптары кеңінен көрініс тапқан.
✨ Кітапхана қорындағы ақынның шығармалары оқырмандарға қазақ поэзиясының бай әлемін танып, ақынның сырлы жырларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
Кітаппен бірге – болашаққа! 📖
#ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #СКОЧитает #СевероКазахстанскаяОбласть #СамыйЧитающийРегион #БиблиотекиСКО #КнигаОбъединяет #КультураСКО #ЧитающийРегион #БиблиотекиКазахстана #БиблиотекиТимирязево #МарфуғаАйтқожина #ҚазақПоэзиясы



26.08.2026
Қаралым саны: 8
Қаралым саны: 8