Рубрика «Книга в фокусе» Өтепбергена Ақыпбекұлы «Құпия оқулық»
«Құпия оқулық» – балалықтың сырлы әлемі Өтепберген Ақышбекұлының «Құпия оқулық» кітабы — балаларға арналған, бірақ үлкендерге де ой салатын ерекше туынды. Бұл кітапта: өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, сұрақтар мен ертегілер бар. Әр беті — тәрбие, әр жолы — ұлттық құндылық, әр тапсырмасы — ой мен тіл дамытуға арналған. «Құпия оқулық» — мектепке ғана емес, өмірге дайындайтын рухани қазына. Балалар оқысын, ата-ана бірге оқысын, тәрбие жүректен басталсын! Өтепберген Ақышбекұлы – «Құпия оқулық» Бұл кітапта баланың ой-санасын дамытатын өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен ертегілер жинақталған. Ұлттық тәрбиеге негізделген, тіл байлығын арттыратын тағылымды туынды. Аудандық балалар кітапханасы кішкентай оқырмандарын күтеді!
https://www.facebook.com/share/v/1DbjVVyons/
Бейне "Әл-Фараби - біздің бәйтерегіміз"
Ақсуа́т ауылдық кітапханасында Абу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына орай әлеуметтік желі жазылушыларына арналған «Әл-Фараби — біздің бәйтерегіміз» атты әдеби қонақжай өтті. Іс-шараның мақсаты — ұлы философтың өмірі мен мұрасын тереңірек таныту, оның идеяларын жастар арасында насихаттау, сондай-ақ әлемдік ғылым мен мәдениеттің дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын атап өту.

Қас батырымыз - Бөгенбай

Ғабиден Мұстафин - тілін сүйген ұлы жазушы
Орталық аудандық кітапханасында 29 қараша күні ақын жазушы Ғабиден Мустафиннің туылғанына -120 жыл толуына орай ақынның шығармашылығы мен таныстыру мақсатында "Ғабиден Мұстафин-тілін сүйген ұлы жазушы" атты виртуалды көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: кітап арқылы саяхаттау, акынның шығармаларына деген қызығушылығын арттыру.

Видео — обзор "Кітап-досың-жолдасың"
Дмитриевка селолық кітапханасы Балалар әдебиетін қолдау жылы аясындағы "Кітап-досың-жолдасың" атты видео-обзорын ұсынады. Бүгінгі іс шараға ата аналар қауымы, ата аналар қонақ ретінде қатысты. Табиғат аясында әр түрлі кітаптармен балалар танысып, өз ойларымен бөлісті. Іс шараның басты мақсаты кітап оқуға құштар балаларды кітапханаға тарту. Кітап-досың-жолдасың деген ұранмен басталды. Кітаптың өмірдегі алатын орны туралы насихаттау мақсатында өтті.
Мақаланы құрған күні 18.05.2021 11:25
Мақаланы жаңартқан күні 30.01.2026 10:20

