Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | 📚 «Қазақ поэзиясының аққуы – Марфуға Айтқожинаға 90 жыл»

📚 «Қазақ поэзиясының аққуы – Марфуға Айтқожинаға 90 жыл»

«СКО – оқитын аймақ» жобасы аясында Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Ғибратты ғұмыр» айдары бойынша қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Марфуға Айтқожинаның 90 жылдығына арналған библиографиялық сағат өткізілді.
 
📖 Іс-шара барысында оқырмандар ақынның өмірі мен шығармашылық жолымен танысып, оның қазақ поэзиясына қосқан үлесі туралы мағлұмат алды.
 
Марфуға Айтқожина — «Жыр аққуы» атанған сыршыл ақын. Ол 1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында дүниеге келген. Ақынның шығармаларында туған жер, махаббат, адамгершілік пен өмір тақырыптары кеңінен көрініс тапқан.
 
✨ Кітапхана қорындағы ақынның шығармалары оқырмандарға қазақ поэзиясының бай әлемін танып, ақынның сырлы жырларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
 
Кітаппен бірге – болашаққа! 📖
 
#ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #СКОЧитает #СевероКазахстанскаяОбласть #СамыйЧитающийРегион #БиблиотекиСКО #КнигаОбъединяет #КультураСКО #ЧитающийРегион #БиблиотекиКазахстана #БиблиотекиТимирязево #МарфуғаАйтқожина #ҚазақПоэзиясы
 
 
 
 

26.08.2026
Қаралым саны: 7