Дмитриевка ауылдық кітапханасы «Заң мен тәртіп – баршаға ортақ» атты құқықтық сағатты ауыл тұрғындарының арасында өткізді. Бұл іс-шара Ата Заңымыздың 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ата Заң — еліміздің ең басты құжаты.
1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан халқы өз елінің Ата Заңын қабылдады. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, сондықтан Конституция — азаматтардың құқықтары мен бостандығының кепілі.

07.08.2025
Қаралым саны: 27
Қаралым саны: 27