Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Заң мен тәртіп

Заң мен тәртіп

Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Заң мен тәртіп» атты құқықтық сағат өткізілді. Іс-шара барысында Тимирязев ауданы ПБ ЖПҚБ УПИ көмекшісі, полицияның кіші лейтенанты Баташев Б.И. дәріс оқыды.

Кездесу барысында әрбір азамат өз құқығын білуі керектігі айтылып, заңның баршаға ортақ екені түсіндірілді. Сонымен қатар қазіргі аумалы-төкпелі заманда сақ болуға, алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырды.

Іс-шара аясында көрме ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

 

 

15.05.2026
Қаралым саны: 5