Дмитриевка ауылдық кітапханасы: «Жеңіс әкелген аталарымыздың ұрпағымыз» атты патриоттық сағат өткізді. Іс-шара ауыл тұрғындарының қатысуымен өтті. Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. 1418 тәулікке созылған қанды қырғын — алапат соғыс. Қан майданда жау оғынан ықпай, қасқайып кеудесін тосқан майдангерлердің ерлігі, жер жастанған жас жауынгерлердің қаһармандығы мәңгі ұмытылмайды.
Қазіргі таңда еліміз бойынша тірі қалған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны — 120. Жеңіс туын желбіреткен ардагерлерге мың тағзым! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

08.05.2025
Қаралым саны: 34
Қаралым саны: 34