Дмитриевка ауылдық кітапханасының кітапханашысы, әкімдік мамандары мен жұмысшыларының қатысуымен 2026 жылғы 28 қазандағы Президенттің «Жаңа тарих кезеңіндегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын тыңдау және талқылау бойынша іс-шара өтті.
Іс-шараға Дмитриевка ауылдық округінің әкімі Исенкенов Дулат Қайруллаұлы қатысып, Жолдаудың ел дамуы үшін маңызды бағдар екенін атап өтті.
Кездесу барысында Жолдауда белгіленген негізгі басымдықтар жан-жақты қарастырылып, еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі маңызды міндеттер талқыланды. Қатысушылар экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Жиын соңында қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалар мен міндеттерді қолдайтындарын және оларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.
Ел Президентінің Жолдауы – ел болашағына бағытталған маңызды құжат.

Қаралым саны: 2

