Дмитриевка селолық кітапханасы «Ұлт ұстазы» Ақыл ойдың алыбы Ахмет Байтұрсынұлының латын әліпбиіне көшуге жазған, қанатты сөзіне арналған насихат сағатын ұсынады. «Ел бүгіншіл — менікі ертең үшін» — деп 20 ғасырдың басында айтып кеткен. Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілін халық аралық дәрежеге шығару жолы болып отыр. Әлемдегі ақпараттың 90 пайызы латын графикасында жарық көреді. Қазіргі таңда әбден пысықталған, ғылыми негізделген әліпбиді таңдау үшін ғалымдарымыз әлі де еңбек етіп жатыр. Ғалым мен технология күнен күнге дамыған заманда, тәуелсіз елдің байыпты ұстанымы, оң шешімі ұлттық сананы өзгертуге ықпал ететін құтты қадам болмақ. Елбасы латын әліпбиіне көшуге «Қазақстан — 2050» стратегиясында 2025жылғы меже ретінде айқын жазды. Қазақстан республикасының тәуелсіздігі шежіресінде тарихи оқиға латын әліпбиіне көшу болып отыр.
https://www.facebook.com/100022799556592/posts/1073899886713320/
Қаралым саны: 137