Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Тоқтар Әубәкіров

Тоқтар Әубәкіров

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 маусымда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының «1 Май» ұжымшарында дүниеге келген. 1969 жылы Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, 1979 жылы авиация институтын бітірген.

Осыған орай Дмитриевка ауылдық кітапханасында таныстыру сағаты өткізілді. Іс-шара барысында келген оқырмандарға ұшқыш-ғарышкердің өмірі мен еңбегі туралы ақпарат берілді.

Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың бойында патриоттық сезімді ояту, елге еңбегі сіңген тұлғаларды таныстыру.

 

 

13.03.2026
Қаралым саны: 14