Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Тарихи — танымдық шара «Абылай хан дәуірінің құпиялары»

Тарихи — танымдық шара «Абылай хан дәуірінің құпиялары»

Аудандық балалар кітапханасында ұлы қазақ ханы Абылай ханның 315 жылдығына арналған «Абылай хан дәуірінің құпиялары» атты тарихи-танымдық шара өтті.

Шараның мақсаты — оқушыларды Абылай ханның өмірі мен қызметімен таныстыру, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтаудағы рөлін көрсету, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен ел тарихына деген құрмет қалыптастыру.
Іс-шара барысында кітапханашы Абылай ханның жетім Сабалақтан үш жүздің ханына дейінгі өмір жолы, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес және ханның дипломатиялық қабілеті туралы әңгімеледі. Сонымен қатар оның әділдігі мен халықты біріктіре білген қасиеттеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар Абылай ханның серіктері — Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр және Наурызбай батыр туралы да мәлімет алды. Білімді бекіту мақсатында тақырыптық карточкалар дайындалып, «Иә/Жоқ» ойыны ұйымдастырылды. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, тарихқа қызығушылық танытты.
Шара соңында қатысушылар Абылай ханның тұлғасы ел бірлігі, тәуелсіздік пен даналықтың символы деген қорытындыға келді. Оның тарихи мұрасы бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтқан жоқ.

28.05.2026
Қаралым саны: 10