Аудандық балалар кітапханасында Тимирязев қазақ мектеп — интернатының 3-сынып оқушыларына арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай «Теңге – тәуелсіздіктің нышаны» атты танымдық викторина өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар теңгенің тарихымен танысып, викторинаға қатысып, жұмбақтар шешіп, логикалық тапсырмалар орындап, танымдық ойындар ойнады. Шығармашылық бөлімде өздерінің ұлттық банкнот үлгілерін жасап көрді.
Қатысушыларға арнап тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, кездесу соңында естелік ретінде ақша купюрасы түріндегі бетбелгілер табысталды.
Іс-шара достық әрі танымдық атмосферада өтіп, балалардың ұлттық валюта туралы білімдерін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

18.11.2026
Қаралым саны: 3
Қаралым саны: 3




