Аудандық балалар кітапханасында Ұлттық валюта күніне орай Тимирязев мектеп-интернатының 5-сынып оқушылары үшін «Ақша – уақыт тынысы» атты танымдық ойын өтті. Кітапханашы Ильясова Т.Н. балаларға теңгенің маңызы туралы айтып, оның тарихының негізгі кезеңдерін еске түсіруді ұсынды. Оқушылар «Теңге» және «Тиын» командаларына бөлініп, валюта тарихы, монеталар мен банкноттарға арналған викториналар мен тапсырмаларға қатысты, қарапайым экономикалық есептерді шешті, ақша-купон пазлын құрастырды, жұмбақтар шешіп, теңге туралы ұран ойлап тапты. Әр тапсырма үшін командалар «монета» түрінде ұпай алып отырды. Жеңіс «Теңге» командасына бұйырды. Іс-шара соңында қатысушыларға ойын жетондары мен тәтті сыйлықтар табысталды. Танымдық ойын қызықты өтіп, балалардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және ұлттық валютаға деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.
Қаралым саны: 88






