Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | ТӨЛ ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ!

ТӨЛ ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ!

15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай Белоградов ауылдық кітапханасында «Теңге – тәуелсіздік символы» атты танымдық ақпараттық сағат өткізілді.
📚 Іс-шараға ауыл тұрғындары мен оқушылар қатысып, еліміздің ұлттық валютасы – теңгенің пайда болу тарихы, қалыптасу кезеңдері және мемлекетіміздің экономикалық тәуелсіздігін нығайтудағы маңызы туралы мол мағлұмат алды.
📖 Шара барысында арнайы ұйымдастырылған тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалып, қатысушылар төл теңгеміздің тарихынан сыр шертетін кітаптармен және танымдық материалдармен танысты.
🏛️ Танымдық іс-шара одан әрі ауылдық музейде жалғасын тапты. Мұнда қатысушылар өткен кезеңдерде қолданыста болған ескі ақша үлгілерін тамашалап, көршілес мемлекеттердің валюталарымен танысты. Тарих қойнауынан сыр шертетін құнды жәдігерлер көпшіліктің қызығушылығын оятып, ерекше әсер қалдырды.
🇰🇿 Теңге – жай ғана ақша бірлігі емес, ол – ел егемендігінің айқын белгісі, тәуелсіздігіміздің маңызды жетістіктерінің бірі!
 
#ЗерделіҰлт #КітапОқитынҰлт #ЧитающаяНация #БиблиотекиТимирязево #СКОЧитающийРегион
 

11.11.2026
Қаралым саны: 1