Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Солтүстіктің батыры – Ысқақ Ыбыраев

Солтүстіктің батыры – Ысқақ Ыбыраев

Дмитриевка ауылдық кітапханасы «Солтүстіктің батыры – Ысқақ Ыбыраев» атты танымдық сағат өткізді. Кеңес Одағының Батыры – ел мақтанышы. Ысқақ Ыбыраев 1911 жылы 10 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдары взвод командирі болған. Ұрыс операцияларының бірінде Ыбыраев басқарған взвод жаудың берік қорғаныс шебін басып алып, орасан зор ерлік көрсетті. Осы ерлігі үшін Ысқақ Ыбыраевқа 1945 жылы 27 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін батыр туған жеріне оралды.
 

12.05.2026
Қаралым саны: 6