Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 90 жыл

Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 90 жыл

Дмитриевка ауылдық кітапханасы Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай таныстыру сағатын өткізді. Іс-шара жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды.

Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылы құрылған. Орталығы — Петропавл қаласы. Қала 1752 жылы негізі қаланып, бүгінде 274 жыл толып отыр. Бұл — өңіріміздегі ең көне тарихи қалалардың бірі.

Оқырмандарға Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясынан түрлі мағлұматтар берілді. Ақ қайыңдарымен, алтын астығымен елге танылған өлкемізге — 90 жыл.

Туған өлкеміз көркейе берсін!


04.03.2026
Қаралым саны: 4