Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Солтүстік Қазақстан – оқитын аймақ

Солтүстік Қазақстан – оқитын аймақ

Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Солтүстік Қазақстан – оқитын аймақ» жобасы аясында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романына арналған кітап таныстырылымы өтті.

«Абай жолы» – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлын әлемге танытқан бірегей шығарма. Жазылғанына 70 жылдан астам уақыт өтсе де, бұл роман бүгінгі күні де оқырман сұранысына ие. Іс-шара барысында романның құрылымы мен мазмұны таныстырылып, XIX ғасырдағы қазақ қоғамы, билер институты, махаббат, достық, білім мен тәрбие тақырыптарының көркем бейнеленуі туралы айтылды. Сонымен қатар, шығармада Абай Құнанбайұлының балалық шағынан бастап кемел даналыққа жеткенге дейінгі өмір жолы жан-жақты суреттелетіні атап өтілді.

Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды кітап оқуға насихаттау, Абай шығармашылығына деген қызығушылықты арттыру және ұлттық әдеби мұраны дәріптеу.

Абайды оқы – адам бол!

Кітаппен бірге – болашаққа!

#ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #СКОЧитает #СевероКазахстанскаяОбласть #СамыйЧитающийРегион #БиблиотекиСКО #КнигаОбъединяет #КультураСКО #ЧитающийРегион

#БиблиотекиКазахстана

#БиблиотекиТимирязево

 

 

06.08.2026
Қаралым саны: 3