Дмитриевка ауылдық кітапханасы “Салт-дәстүр – тәрбие басы” атты патриоттық сағатты жасөспірімдер арасында өткізді. Қазақтың салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін түсіндіріп айтып бердік.
⚜️Наурыз — көктем мерекесі, жаңа жылдың басталуы ретінде әлемнің көптеген елдерінде аталып өтеді. Қазақ халқы үшін бұл — Ұлыстың ұлы күні, көктемнің алғашқы күнін қарсы алу мен жаңа өмірге қадам басудың символы. Наурыз мейрамы табиғаттың жаңаруы, тіршіліктің жаңғыруы, адамзаттың бірлік пен татулыққа ұмтылуының белгісі болып табылады.Бұл мереке — тек жаңа жылдың басталуы ғана емес, сонымен бірге халықтың мәдениеті, дәстүрі мен салт-санасының жаңаруының, тарихтың тереңдігі мен көпұлтты қоғамдағы ынтымақтың белгісі.
https://www.facebook.com/100022799556592/posts/1876418196461481/?mibextid=wwXIfr&rdid=sLu7zKIPHgoZMCfu#
20.03.2025
Қаралым саны: 42
Қаралым саны: 42