Дмитриевка ауылдық кітапханасы «Шоқан Уәлиханов – 190» атты библиографиялық сағат өткізді. Кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақ халқының ұлттық мақтанышы Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов-бірнеше ғылым саласында еңбек етіп,олардың əрқайсысында айқын із қалдырған ғалым. Ол əсіресе шығыс тіл білімі,тарихы жане этнографиясы жөніндегі ғылым еңбектеріне байланысты өшпес данққа бөленді. Тамаша ғалым Қазақстанның, Қырғызстанның, Оңтүстік Сібір жане Шығыс Түркістанның тарих, этнография, мəдениет, экономика, физикалық географиия салаларын терең ғылыми зерттеулерімен толықтырды. Сол кездің өзінде ол қайсарлығымен, ерекше табандылығымен көзге түсті.
Қазақстанның Ресей құрамына қосылу үрдісінің соңғы кезеңін бастан өткеркіп отырған өз халқының тағдыры Ш.Ш.Уəлихановты терең толғатты. Ол қазақ халқының нақтылы-тарихи өмір салтына қайшы келетін, əдет-ғұрпы мен дəстүріне жат сот реформаларын зорлықпен танып отырған патша өкіметінің самодержовиялық саясатына батыл қарсы шығып,қолданады. Ол алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымы өкілдерімен тығыз шығармашылық жане достық қатынастарда бола отырып, өз халқын еуропалық жане бүкіл адамзаттық білім-ғылымды игеруге шақырды. Ш.Ш. Уəлиханов-өз дəуірінің ұлы.



10.02.2025
Қаралым саны: 60
Қаралым саны: 60