Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Шебердің қолы – алтын

Шебердің қолы – алтын

Дмитриевка ауылдық кітапханасы оқырмандарын «Шебердің қолы – алтын» атты қол өнер үйірмесінің жұмысымен таныстырды. Қол өнер — халқымыздың қасиетті, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тамыры тереңге жайылған рухани мұрасы.
Үйірмеде ине мен жіпті тек қыз балалар ғана емес, сонымен қатар ер балалар да қызығушылықпен меңгеріп, тоқу өнерін үйренуде. Бұл – ұлттық қол өнердің тәрбиелік және тағылымдық маңызының жоғары екенін дәлелдейді. Өйткені ол жас ұрпақтың талғамын қалыптастырып, қабілеттерін дамытуға, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне ықпал етеді.
Шеберлікке баулитын бұл үйірмеге әр түрлі жастағы балалар қатысады. «Шебердің инесі де, күймесі де алтын» деген халық нақылы бекер айтылмаған. Үйірмеге келіп, ұлттық қол өнердің сырын бірге үйренуге шақырамыз!
 

09.12.2025
Қаралым саны: 24