Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Рахмет саған, оқырман!

Рахмет саған, оқырман!

Қадірлі әріптестер мен ардақты оқырмандар!

Осы жылы Дмитриевка ауылдық кітапханасының жұмысының алға басуына үлес қосқан барша әріптестерімізге, қолдау көрсеткен басшылыққа және кітапты өмірінің бір бөлшегіне айналдырған тұрақты оқырмандарымызға шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Осы орайда «Рахмет саған, оқырман!» атты тәлімдік сағат өткізіліп, белсенді оқырмандарға алғыс айтылды.

Алдағы уақытта да рухани құндылықтарды насихаттап, кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайта бермекпіз. Жылан жылында жеткен жақсылықтар Жылқы жылында да жалғасын тапсын. Баршаңызға жаңа жылда мықты денсаулық, мол ырыс, отбасыларыңызға тыныштық пен береке тілейміз!

Кітап оқитын оқырмандарымыз көп болсын 📚

 

 

26.12.2025
Қаралым саны: 25