Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Өзекті өртеген шындық: Алаш арыстары

Өзекті өртеген шындық: Алаш арыстары

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Дмитриевка ауылдық кітапханасында ауыл тұрғындары арасында «Өзекті өртеген шындық: Алаш арыстары» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Жарқын ауылында орналасқан «Байқала» концлагері туралы айтылып, қатысушылар «Байқала» кітабын оқуға шақырылды.

Бұл күні еліміздің қасіретті кезеңінде жазықсыз жапа шеккен жандарға тағзым ету – әр азаматтың парызы. Бүгінгі ұрпақтың басты мұраты – барлық құрбандардың тағдырын зерттеп, тарихи әділдікті сақтау. Тоталитаризм мен ашаршылықтың жазықсыз құрбандары туралы естелікті ұлықтай отырып, еліміздің бірлігі мен татулығын одан әрі нығайта аламыз.

 

 

01.06.2026
Қаралым саны: 26