Дмитриевка ауылдық кітапханасы «Отанға қызмет ету – Отанды сүю» атты видео-коллажды әр түрлі топтағы жасөспірімдер арасында өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастарды Отанға қызмет етуге баулу, Отанды сүю – оған адал қызмет етумен өлшенетінін түсіндіру.
Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі сарбаз, егеменді еліміздің тәуелсіз ұрпақтары. Болашағымыз жарқын болсын, еліміз өркендей берсін. Көк туымыз көгімізде мәңгі желбірей берсін!