«Централизованная библиотечная система» Тимирязевского района Северо-Казахстанской области | Өнер сағат «Ахмет Жұбановтың музыкалық әлемі»

Өнер сағат «Ахмет Жұбановтың музыкалық әлемі»

Аудандық балалар кітапханасы қазақтың көрнекті композиторы Ахмет Жубановның 120 жылдығына орай «Ахмет Жұбановтың музыкалық әлемі» атты өнер сағатын дайындады. Бейнероликте композитордың өмір жолы, Қазақстандағы кәсіби музыкалық өнердің дамуына қосқан үлесі, халық аспаптар оркестрін құруы және халық музыкалық мұрасын сақтау бағытындағы еңбегі туралы айтылды.

Сондай-ақ оның шығармашылығының қазіргі мәдениеттегі маңызы мен жас ұрпақты ұлттық дәстүрлер мен өнерді құрметтеуге тәрбиелеудегі рөліне ерекше назар аударылды.

 

 

29.04.2026
Количество просмотров: 23