Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Өнегесін ұрпағына дарытқан Ақселеу

Өнегесін ұрпағына дарытқан Ақселеу

Дмитриевка селолық кітапханасы "Өнегесін ұрпағына дарытқан Ақселеу" атты патриоттық тәрбие сағатын өткізді. Бүгінгі іс шара мақсаты өскелең ұрпаққа көрнекті ғалым, филология ғылымының докторы Ақселеу Сейдімбекті таныстыру мақсатында жүргізді. 80 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жазушы ғалым 12 желтоқсанда 1942 жылы дүниеге келген. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінде. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің  журналистика факультетін бітірген. 1968-75 жылдары "Жас алаш" газетінде қызмет еткен. 1975-76 жылдар аралығында "Орталық Қазақстан" газетінде  бөлім меңгерушісі. 1983-87 жылдары "Зерде" журналында редакторы. 1987-1997 жылдарында "Әдебиет және өнер" институтында лаборант, аға ғылыми қызметкер, қолжазба бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдан Ыбырай Алтынсарин   атындағы Білім Академиясының  президенті болды. "Ақиық" атты әңгіме жинағы 1972 жылы жарық көрген. "Аққыз" 1991 атты повестері мен әңгімелері, қазақтың өмір салтын, әдет-ғұрп табиғат тіршілігінен мол хабар беретін туынды. "Қазақтың күй өнері" атты  кітабында былай деп жазады. "Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі. Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана деп жазып кеткен.

19.12.2022
Қаралым саны: 77