Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқуды насихаттау, туған өлкенің тарихы мен мәдениетін таныту, сондай-ақ өлкетану әдебиеттеріне деген қызығушылықты арттыру.
Өлкетану сағаты Қайролла Мұқанов атындағы мұражайда ұйымдастырылды. Ынтымақ ауылының тумасы, көрнекті жерлесіміз Қайролла Мұқановтың өмірі мен еңбек жолы, ұстаздық қызметі және өлкетануға қосқан үлесі туралы айтылды. Қатысушылар жерлесіміздің артында қалдырған мол мұрасымен танысты.
Мұражайда Қайролла Мұқановтың көзі тірісінде пайдаланған заттары, еңбегі үшін алған марапаттары мен ордендері сақтаулы. Бұл құнды жәдігерлер туған өлкенің тарихын тереңірек танып, жергілікті тұлғалардың өмір жолын білуге мүмкіндік береді.
Мұражай қызметкері Абдрахманова Қапар Сейтмолдақызы Қайролла Мұқановтың өмірі мен еңбегі туралы мазмұнды ақпарат берді.
Осындай іс-шаралар кітап оқуға қызығушылықты арттырып, өлкетану әдебиеттерін насихаттауға, туған жер тарихын танып-білуге және жергілікті тұлғалардың өнегелі өмірін кейінгі ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.
#СКОЧитающийРегион #ЧитающаяНация #БиблиотекиТимирязево #ТимирязевоОқиды #Өлкетану


Қаралым саны: 2