Дмитриевка ауылдық кітапханасы “Нашақорлық — қасірет қақпаны” атты танымдық сағат өткізді. Іс-шара барысында жасөспірімдерге арнайы ақпараттық буклеттер таратылды. Нашақорлық — адамзат баласына төнген ең ауыр қатердің бірі. Бұл індет ұрпақтың денсаулығына ғана емес, тұтас қоғамның болашағына да зор қауіп төндіруде. Бүгінгі таңда есірткіге тәуелділік Қазақстан үшін аса өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне айналып отыр. Осыған орай, кітапхана қызметкерлері жас ұрпаққа есірткінің зияны мен оның адам өміріне келтіретін орны толмас зардаптарын түсіндіру мақсатында ақпараттық-танымдық жұмыс жүргізді.

09.04.2025
Қаралым саны: 78
Қаралым саны: 78