Қазіргі Қазақстан қоғамындағы ең өткір мәселелердің бірі болып қала береді және елдің дамуына елеулі кедергі келтіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мен тәрбиелеу кітпханалар жүйесінің алдында жаңа міндеттер қойып отыр.
«Көп ақша болмайды» атты диспутты 7–9 сынып оқушыларына арналып өткерілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және жемқорлыққа теріс көзқарас тәрбиелеу.
Мәселе тек мектеп бағдарламасының жекелеген тақырыптарын тереңдетіп оқыту қажеттілігінде ғана емес, сонымен қатар оқушылардың болашақта табысты әлеуметтенуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық туралы білімінің маңыздылығында. Бұл мәселе туралы ақпарат барлық жастағы оқушылар үшін маңызды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-тарихи, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық құбылыс ретінде қарастырылды, мәселенің тарихи аспектілері ашылып көрсетілді. Бұл құбылыстың пайда болу себептері мен оның қоғамға тигізетін зиянын түсіну арқылы оқушыларда жемқорлыққа деген теріс көзқарас мақсатты түрде қалыптастырылады, сондай-ақ балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдылары дамытылады.
Мектеп – сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру арқылы оқушыларда мұндай дүниетанымды қалыптастыра алатын білім беру мекемесі. Онда сыбайлас жемқорлық әрекет қалыпты жағдай ретінде емес, керісінше қоғам тарапынан айыпталатын іс ретінде қабылданады.
Қаралым саны: 8



