Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | 📚 «Кітапқа жаңа өмір сыйлайық!»

📚 «Кітапқа жаңа өмір сыйлайық!»

Дмитриевка ауылдық кітапханасында оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап қорын күтіп ұстау және басылымдардың ғұмырын ұзарту мақсатында «Кітапқа жаңа өмір сыйлайық» атты акция ұйымдастырылды.

Акция барысында кітапханашылар кітап қорындағы тозығы жеткен, мұқабасы жыртылған, беттері бүлінген кітаптарды ретке келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жыртылған беттерін желімдеп, мұқабаларын қалпына келтіріп, кітаптарды қайтадан оқырманға ұсынуға дайындады.

Сонымен қатар оқырмандарға кітапты таза ұстау, беттерін бүктемеу, парақтарын жыртпау, мұқабасын бүлдірмеу және кітапқа жазу жазбау сияқты қарапайым, бірақ маңызды ережелер түсіндірілді.

Акцияның негізгі мақсаты – әрбір оқырманның бойында кітапқа деген құрмет пен ұқыптылықты қалыптастыру, кітапты ортақ қазына ретінде бағалауға шақыру.

Кітап – білім бұлағы, рухани байлықтың қайнар көзі. Әр кітап – асыл қазына! Оны күтіп ұстау – әрқайсымыздың міндетіміз. ❤️📖

 

 

09.11.2026
Қаралым саны: 3