Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Кітапхана сағатын «Кітап оқитын ұлт»

Кітапхана сағатын «Кітап оқитын ұлт»

Дмитриевка ауылдық кітапханасы ата-аналар мен балаларға арналған «Кітап оқитын ұлт – өркендеген ұлт» атты кітапхана сағатын «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында өткізді.

Іс-шара балалар мен ата-аналарды бірге кітап оқуға баулу және кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушыларға «Кітап оқитын ұлт» марафонының басталғаны туралы ақпарат беріліп, кітапханаға келіп, өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап, рухани азық алуға шақырылды.

14.09.2026
Қаралым саны: 7