Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Кітап — сарқылмас қазына

Кітап — сарқылмас қазына

Дмитриевка ауылдық кітапханасы Ұлттық кітап күніне орай «Кітап — сарқылмас қазына» атты тақырыптық кітап көрмесін ұсынады. Көрме еліміздің тарихи және мәдени тұлғаларына арналған айтулы мерейтойлармен тұспа — тұс келіп отыр. Атап айтқанда, көрме Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына және көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арналады. Бұл көрме – оқырмандарға кітаптың құндылығын насихаттап, ұлт руханиятына үлес қосқан тұлғалардың еңбектерімен танысуға мүмкіндік береді.
Кітап – білімнің бастауы, рухани азық, өмір жолындағы сенімді серік!

⚜️Құрметті оқырман! 

23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді.
Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы тапсырмасына орай Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне жаңа мереке қосылды. 
Ұлттық әдебиет ұлықталар ерекше мерекеге  бірге  қатысайық.
Қазынаның кілті — кітапта, білім бұлағынан бірге сусындайық!

https://www.facebook.com/share/p/19nMRk9hEt/?mibextid=wwXIfr

 

16.04.2025
Қаралым саны: 60