Дмитриевка ауылдық кітапханасы Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – білімнің бастауы» атты кітапхана сағатын өткізді.
Іс-шара барысында оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтылып, оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әңгіме жүргізілді. Кітап – адам баласын ақылға, білімге жетелейтін рухани қазына.
Оқырмандар түрлі сұрақтарға жауап беріп, өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісті. Мұндай шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына ықпал етеді.
#Кітапханашыларкүні
#kz_kitaphanashylary
#ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026
16.04.2026
Қаралым саны: 7
Қаралым саны: 7

