Дмитриевка селолық кітапханасы «Қазақтың ғарышкерлері» атты патриоттық тәрбие сағатын ұсынады.
Үш қыранға ғарыш кеңістігін игеру бақыты бұйырды. Ғарышты бағындырған бұл батырлар — ел мақтанышы. Олардың ерлігі Қазақстан аумағындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында жүзеге асқаны — әрбір қазақстандықтың жүрегінде патриоттық сезім ұялатады.
Байқоңыр ғарыш айлағынан 39 елдің 545 ғарышкері ұшып, ғарыш кеңістігінде болып қайтқан. Бүгінгі патриоттық тәрбие сағаты аты аңызға айналған қазақ ғарышкерлері — Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовті таныстыру мақсатында өтті. Қазақстан Тәуелсіздігінің алтын бастауы болған ғарышкерлеріміз — ұлт мақтанышы. Олар — тарихта есімдері алтын әріппен жазылған, ұрпаққа үлгі боларлық бірегей тұлғалар.
11.04.2025
Қаралым саны: 78
Қаралым саны: 78