Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Қазақтың ғарышкерлері

Қазақтың ғарышкерлері

Дмитриевка селолық кітапханасы «Қазақтың ғарышкерлері» атты патриоттық тәрбие сағатын ұсынады.

Үш қыранға ғарыш кеңістігін игеру бақыты бұйырды. Ғарышты бағындырған бұл батырлар — ел мақтанышы. Олардың ерлігі Қазақстан аумағындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында жүзеге асқаны — әрбір қазақстандықтың жүрегінде патриоттық сезім ұялатады.

Байқоңыр ғарыш айлағынан 39 елдің 545 ғарышкері ұшып, ғарыш кеңістігінде болып қайтқан. Бүгінгі патриоттық тәрбие сағаты аты аңызға айналған қазақ ғарышкерлері — Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовті таныстыру мақсатында өтті. Қазақстан Тәуелсіздігінің алтын бастауы болған ғарышкерлеріміз — ұлт мақтанышы. Олар — тарихта есімдері алтын әріппен жазылған, ұрпаққа үлгі боларлық бірегей тұлғалар.

https://www.facebook.com/100022799556592/posts/1895310571238910/?mibextid=wwXIfr&rdid=ATny8LDiMTzpOPbQ# 

11.04.2025
Қаралым саны: 76