Дмитриевка селолық кітапханасы "Қазақтың ғарышкерлері" атты патриоттық тәрбие сағатын ұсынады. Үш қыранға да ғарыш кеңестігін игеруге нәсіп еткен. Ғарышты игерген батырлар ел мақтанышы. Ерліктері Қазақстан Республикасының "Байқоңыр" ғарыш кеңістігінде жүзеге асқаны патриоттық сезім ұялатады. Байқоңыр ғарыш аймағынан 39 елдің 545 ғарышкер ұшып кеңістікте болып келген. Бүгінгі патриоттық тәрбие сағатын аттары аңызға айналған қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтерді таныстыру мақсатында өтті. Қазақстан Тәуелсіздігінің алтын бастауы болған ғарышкерлеріміз - ұлт мақтанышы. Тарихта аттары алтын әріппен жазылып, ұрпаққа үлгі боларлық тұлғаларға айналған ғарышкерлер.

11.04.2023
Қаралым саны: 272
Қаралым саны: 272