Дмитриевка ауылдық кітапханасы: “Қалмұқан Исабаев – 100” атты «Ғибратты ғұмыр» рубрикасы аясында таныстыру сағатын өткізді.
Қалмұқан Исабаев 1925 жылы 25 тамызда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1954 жылға дейін КСРО Қарулы Күштерінің Германиядағы Батыс тобында қала коменданты болып қызмет атқарған.
1961 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1955–1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бөлімінің директоры болды.
Қ. Исабаевтың әңгіме, очерктері 1954 жылдан бастап баспасөз беттерінде жариялана бастады. Алғашқы «Баян» әңгімелер жинағы 1959 жылы жарық көрді. Кейін «Ажал құрсауында» (1961), «Жұмбақ үй» (1962), «Бетпе-бет» (1963), «Соңғы тәулік» (1966) атты повесть, әңгіме, очерктер жинақтарын шығарды. Сонымен қатар «Сұңқар самғауы» (1966), «Айқыз» (1967), «Жолдас комендант» (1975), «Көгілдір қазына» (1978), «Серт» (1982), «Арна» (1984) сияқты романдары жарық көрді.
Жазушы Ертіс – Қарағанды каналының жобасымен танысып, оның бойын жаяу аралады. Он бес жыл өмірін канал құрылысшылары арасында өткізіп, сол туралы кітап жазды. Әртүрлі өзекті тақырыптарға арналған 300-ге жуық көркем очерк, ғылыми және публицистикалық мақалалары жарияланды. Кітаптары орыс, неміс және басқа да тілдерге аударылған.
«Қызыл Жұлдыз», Еңбек Қызыл Ту, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.



21.04.2025
Қаралым саны: 59
Қаралым саны: 59