31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі. Бұл күн – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын — сүргін мен алапат ашаршылықты еске алу күні. Дмитриевка ауылдық кітапханасы Алаш партиясы мүшелерінің ауыр тағдырларын баяндайтын кітаптарды ұсынды.
1921-1933 жылдар аралығында (1921-1922 және 1932-1933)
Қазақ даласы екі ашаршылықты бастан өткерді. Бұл халқымыз үшін үлкен соққы болды. Әсіресе 1931-1933 жылдардағы аштық ХХ ғасырдағы адамзат тарихындағы бұрын — соңды болмаған трагедияға айналды. Бүгінгі зерттеулер халқымыздың жартысынан көбі аштықтан қайтыс болғанын көрсетеді.
Жаппай қуғын — сүргін қазақ халқына да оңай соқпады. Кеңес Одағында қуғын — сүргін 1928 жылы басталды. Қазақстанда ең алдымен Алаш қайраткерлері қамауға алынды. Олар «ұлтшылдық» үшін айыпталды. Нәтижесінде ұлттың жарық жұлдыздары – Әлихан Бөкейхан, Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Ілияс Жансүгіров және басқа да көрнекті тұлғалар қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
https://www.facebook.com/share/1AEJ4isg6b/?mibextid=wwXIfr
Қаралым саны: 83