Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Еске алу күні

Еске алу күні

Дмитриевка ауылдық кітапханасында Еске алу және қайғы күніне орай ауыл тұрғындарының қатысуымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Іс-шара соғыс жылдарында қаза тапқан миллиондаған адамдарды еске алуға және халық ерлігінің тарихи жадын сақтауға арналды.

Қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ерлігі халық жадында мәңгі сақталады.

 

 

23.06.2026
Қаралым саны: 41