Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Дмитриевка ауылдық кітапханасында
“Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран” атты тәлімдік сағат өтті.
 
Игі шара Кеңес Одағының Батыры, халқымыздың аяулы қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Ол ел болашағы үшін жанын пида етіп, қазақ халқының батырлық рухын биікке көтерген қайсар тұлға.
Әлия – мергендік шеберлігі мен ержүректігі арқылы бүкіл әлемге танылған ару. Оның әрбір қадамы – Отанға деген адалдық пен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісі.
Біз Әлияның есімін ардақтап, ерлігі мен рухын жас ұрпаққа насихаттай береміз. Оның қайсар бейнесі – бізге мәңгілік рух пен шабыт көзі.
Шара ауыл тұрғындарының қатысуымен өтті.
 
Мәңгілік есім – өшпес ерлік!
 
 
 
 
 
 
10.07.2025
Қаралым саны: 50