Дмитриевка ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ел рәміздері – ұлт рухының көрінісі» атты патриоттық сағат өткізілді.
Іс-шара жасөспірімдер арасында ұйымдастырылып, оған ауыл тұрғындары да қатысты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының шығу тарихы туралы кеңінен айтылды. Қатысушылар мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігін, бірлігі мен егемендігін айқындайтын басты құндылықтар екендігі жөнінде мағлұмат алды.
Мемлекеттік рәміздер – әрбір қазақстандықтың мақтанышы, елдігіміз бен ұлттық рухымыздың айқын белгісі.
4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні
Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айрықша маңызды мереке. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың бірлігі мен егемендігіміздің нышаны.
✅ Ту – биік рухымыздың белгісі;
✅ Елтаңба – елдігіміздің айғағы;
✅ Әнұран – жүректегі мақтаныш пен отансүйгіштіктің үні.
Бүгінгі күн әр азаматты Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және қастерлеуге үндейді.
Мемлекеттік рәміздеріміз – Мәңгілік Елдің айқын символы!
Қаралым саны: 2


