Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Домбыра – халық қазынасы

Домбыра – халық қазынасы

Жарқын ауылдық кітапханасында «Домбыра – халық қазынасы» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы Рахметов Д.М. балаларға қазақтың қасиетті ұлттық аспабы – домбыраның шығу тарихы, оның халық өміріндегі орны мен маңызы туралы қызықты мәліметтер айтып берді. Сонымен қатар, қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, күй тартып, ән орындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөзі ғасырлар бойы халқымыздың рухани мұрасы болып келе жатқан қара домбыраның қадір — қасиетін айқын бейнелейді.
Кештің көркін Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжінің 3-курс студенті Айдана Омарова «Алаш аманаты» әнін орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қазақтың ұлттық музыка өнерімен таныстыру, халқымыздың бай музыкалық мұрасын насихаттау, ұлттық мәдениетке, салт — дәстүрге және рухани құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру.

21.07.2026
Қаралым саны: 36