Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына орай Дмитриевка ауылдық кітапханасы өңіріміздің әр ауданынан келген қонақтарға кітапхана жанынан жұмыс істейтін «Рухани қазына» орталығының қызметін таныстырды.
Қонақтар орталықтың бір күндік жұмысымен танысып, XX ғасырда қолданылған ыдыс-аяқтар мен тұрмыстық бұйымдарды қызығушылықпен тамашалады. Әрбір жәдігер өткен тарихымыздан сыр шертіп, ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат берді.
«Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес» деген ұстанымды негізге ала отырып, әр адам өз елінің тарихын құрметтеп, Отанына адал қызмет ететін патриот болсын деген тілек білдірілді.
#ЗерделіҰлт #КітапОқитынҰлт #ЧитающаяНация #БиблиотекиТимирязево #СКОЧитающийРегион
25.11.2026
Қаралым саны: 3
Қаралым саны: 3



