Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Дмитриевка ауылдық кітапханасы: "Қарапайым еңбек адамы" атты сұхбат сағаты

Дмитриевка ауылдық кітапханасы: "Қарапайым еңбек адамы" атты сұхбат сағаты

Қарапайым еңбек адамдарының елімізге сіңіріп жатқан еңбегін насихаттау мақсатында Дмитриевка ауылдық кітапханасында "Қарапайым еңбек адамы" атты сұхбат сағаты ұйымдастырылды.
Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері — Дмитриевка ауылының тумасы, еңбекқор жан Вышыр Андрей Григорийұлы. Андрей Григорийұлы 1971 жылы дүниеге келген. Осы ауылда мектепке барып, орта білім алған. Мектепті бітірген соң механизатор болып еңбек жолын бастаған. ДОСААФ-ты тәмамдап, әскер қатарында борышын өтеген. Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін жүргізуші болып жұмыс істеген. 1991 жылдан бастап туған ауылы — Дмитриевканың көркеюіне өзіндік үлесін қосып келеді. Әр түрлі салада еңбек етіп, ауыл тіршілігіне адал қызмет жасаған. Бір кездері мектепте от жағушы болып жұмыс істесе, кейінірек отын дайындайтын орталықта үш жыл еңбек еткен. Қазіргі таңда ауылдық мәдениет үйінде вахтер қызметін атқарады.
Осындай қарапайым да еңбекқор жандар — еліміздің тірегі, ауылымыздың абыройы.
Еңбегіңізге алғыс айтамыз! Жұмысыңыз жемісті болсын!

 

https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1837812797111658&id=100026488654115&rdid=fvMmdycGKETDKMwl# 

18.08.2025
Қаралым саны: 13