Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Бейнәңгіме «Ғарышкер- қаһарман»

Бейнәңгіме «Ғарышкер- қаһарман»

Аудандық балалар кітапханасында Қазақстанның Батыры, ғарышкер Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына арналған «Ғарышкер-қаһарман» атты бейнеәңгіме дайындалып, көрермендерге ұсынылды. Іс-шараның мақсаты – жазылушылардың Қазақстанның көрнекті тұлғалары туралы білімін кеңейту, патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ ғарыш пен ғылымға деген қызығушылықты арттыру.

Бейнеәңгімеде Талғат Мұсабаевтың өмір жолы мен кәсіби қызметінің негізгі кезеңдері, оның ғарышқа ұшуға дайындығы және 1994, 1998, 2001 жылдары жүзеге асырған үш ғарыштық миссияға қатысуы кеңінен қамтылды. Сонымен қатар ғарышкердің әлемдік және отандық ғарыш саласының дамуына қосқан зор үлесі атап өтіліп, оның ғарышта жалпы саны 341 күн болғаны көрсетілді.

 

 

27.01.2026
Қаралым саны: 34