Дмитриевка ауылдық кітапханасы «Балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігі, құқықтары және оларды қорғаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Баланың құқығы – бәрінен жоғары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне және бала құқығын бұзғандарға қатаң талап қойып келеді. Әрбір бала – мемлекеттің болашағы. Әр бала отбасында бақытты өмір сүріп, қауіпсіз ортада тәрбиеленуі тиіс. Балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.


21.07.2026
Қаралым саны: 33
Қаралым саны: 33