Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Астана асқақтай бер!

Астана асқақтай бер!

Дмитриевка ауылдық кітапханасы ауыл тұрғындары арасында «Астана асқақтай бер!» атты патриоттық сағат өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға Астананың құрылу тарихы, еліміздің ең жас әрі бас қаласы екені туралы мәлімет берілді. Астана – әрбір қазақстандықтың мақтанышы, тәуелсіздігіміздің және ел дамуындағы жетістіктеріміздің жарқын символы.

Шара аясында кітапханада «Астана – еліміздің жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына елорда туралы түрлі кітаптар мен танымдық басылымдар ұсынылды.

Еліміздің бас қаласы – Астана әрдайым көркейіп, гүлдене берсін! Мереке құтты болсын!

 

 

02.07.2026
Қаралым саны: 6