Дмитриевка ауылдық кітапханасы 7 мамыр — Сарбаздар күніне арналған патриоттық сағат өткізді. Іс-шара барысында Отанымыздың болашақ қорғаушылары – жеткіншек ұрпаққа бұл күннің маңызы түсіндірілді. Бұл мереке — еліміздің қауіпсіздігі мен Отан тыныштығын көз ілмей қорғап жүрген айбынды азаматтарға құрмет көрсетіп, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелейтін күн.
Отан — отбасынан басталады. Әрбір ер-азамат — өз Отаны мен отбасының қорғаны. Бұл күні сондай ер-азаматтарды тәрбиелеп өсірген аналарға да алғысымызды білдіреміз. Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға деген сүйіспеншілік — өзгермейтін құндылықтарымыздың бірі.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, баянды бақыт, еңбектеріңізге береке тілейміз! Шекара шебін қалт етпей күзетіп, халқымызға қорған болған айбынды азаматтарымыздың рухы асқақ, мәртебесі биік болсын! Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болғай!
06.05.2025
Қаралым саны: 36
Қаралым саны: 36