«СҚО – оқитын өңір» жобасы аясында Белоградов ауылдық кітапханасында жас оқырмандарға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, кәсіби қызығушылығын арттыру мақсатында «Мамандықтар әлемі: шындық пен арман» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында балалар өздерінің армандаған мамандықтары туралы айтып, болашақта кім болғысы келетіндерімен бөлісті. Таңдаған мамандықтарының ерекшеліктері жөнінде өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай пайда болған жаңа әрі қызықты мамандықтармен танысып, олардың қоғамдағы маңызы мен болашақтағы мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Іс-шараның ерекше бөлігі – кітапхана қорындағы кітаптармен танысу болды. Балалар кітап беттерінен түрлі мамандық иелері мен олардың қызықты кәсіптері туралы мәліметтер тауып, кітаптың адамға жаңа білім беріп, мамандықтар әлеміне жол ашатынына көз жеткізді.
Кездесу соңында оқушыларға мамандық таңдауда өз қызығушылығы мен қабілетін ескерудің маңыздылығы айтылып, «Арманға апарар жол – білім мен ізденістен басталады» деген ой түйіндeлді.
Қаралым саны: 4


