Дмитриевка ауылдық кітапханасында «СКО – Читающий регион» жобасы және республикалық «Оқитын ұлт» марафоны аясында ауыл тұрғындары арасында ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Оқитын ұлт» жобасы туралы ақпарат беріліп, марафонның мақсаты мен қатысу шарттары түсіндірілді.
Ауыл тұрғындарын кітапханаға келіп, ұсынылған кітаптардың ішінен өздеріне ұнаған шығармаларды таңдауға шақырамыз. 15 кітап оқып, өз пікіріңізбен бөлісіп, белсенді оқырман атанып, жүлдегер болуға мүмкіндік алыңыз!
📖 Кітап оқиық, рухани азық жинайық!
Кітаппен бірге білімімізді толықтырып, бірге дамып, оқитын ұлт болайық!
#ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #СКОЧитает #БиблиотекиТимирязево #СКОЧитающийРегион

29.09.2026
Қаралым саны: 3
Қаралым саны: 3

