Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | 📚 Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Ас атасы – нан» атты тәрбиелік сағат өтті

📚 Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Ас атасы – нан» атты тәрбиелік сағат өтті

Іс-шараға ауыл тұрғындары мен нан өндіру саласында еңбек ететін мамандар қатысты. Кездесу барысында нанның дастарқанға оңайлықпен келмейтіні, оның артында қаншама еңбек пен маңдай тер жатқандығы туралы мағлұмат берілді. Қатысушылар нанды қадірлеу, ысырап етпеу және еңбек адамын құрметтеу туралы ой бөлісті.
 
Іс-шарамыз дөңгелек үстел басында жалғасып, қатысушылар дастарқанға қойылған түрлі нан өнімдерінен дәм татты.
 
Дастарқанымыздан нан кетпесін, берекеміз арта берсін!
 
#АсАтасыНан #ДмитриевкаАуылдықКітапханасы #Кітапхана #ҰлттықҚұндылықтар #НандыҚадірлейік
 
 

14.10.2026
Қаралым саны: 0