«Солтүстік Қазақстан – оқитын өңір» жобасы аясында Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі» атты кітапхана сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханаға келген жас оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызы, білім мен рухани дамудың жарқын болашаққа бастар жол екені түсіндірілді. Кітап оқу арқылы жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттырудың маңызы атап өтілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге кітаптың өмірдегі алатын орнын түсіндіру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және білімді ұрпақ қалыптастыру.
📖 Кітаппен бірге – болашаққа!
#ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #СКОЧитает #ЧитающийРегион #БиблиотекиСКО #БиблиотекиТимирязево #КітаппенБіргеБолашаққа
10.08.2026
Қаралым саны: 13
Қаралым саны: 13


